Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының студенттері «Инновация — экономикалық өсудің драйвері» тақырыбында өткен I Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Олимпиада қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен келесі студенттер марапатталды: Барлыбек Балжан Асхатқызы, Дауренова Айимжан Айдосовна және Мурат Арайлым Жандосқызы.

Олимпиаданың мақсаты – студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, заманауи экономикалық құзыреттерін қалыптастыру және тұрақты экономикалық дамудағы инновациялардың рөлін түсіну болды. Қатысушыларды дайындау ғылыми жетекші Мынжанова Гульжакан Тлесовнаның жетекшілігімен жүргізілді.
Олимпиаданы ұйымдастыруда және академиялық қолдауда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика кафедрасы маңызды рөл атқарды. Аталған кафедра студенттік жұмыстарды ғылыми өзара әрекеттесу және сараптамалық бағалау алаңы ретінде қызмет атқарды.
https://farabi.university/department/64

Олимпиада жүлдегерлерін және олардың ғылыми жетекшісін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және ғылыми-білім беру қызметінде одан әрі табыстар тілейміз!
.png)






















