2026 жылғы 28 наурызда ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтында XIX «Қытай тілі көпірі» студенттер арасындағы халықаралық байқаудың Алматы қалалық кезеңі өтті.

Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ және өзге де жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Алдымен қатысушылар жазбаша тест тапсырды. Тест нәтижесі бойынша 12 студент іріктеліп, келесі кезеңде шығармаларын мәнерлеп оқу және өнер көрсету бойынша бақ сынасты.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Конфуций институты атынан қатысқан Шығыс тілдері аударма кафедрасының үш студенті жоғары нәтиже көрсетті. Олар шығармаларын әсерлі жеткізіп, өнер көрсету кезеңінде жоғары дайындық деңгейін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенттері Хамза Томирис пен Желдербаева Гаухаржан II орынды, ал Тимофеев Станислав III орынды иеленді. Жетекшілері Ху Хунъюй мен Әсем Әшімбаева «Үздік жетекші» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің Конфуций институты ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулдығы тарапынан «Үздік ұйымдастырушы» номинациясына ие болды.
Жүлдегер студенттер 2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Ақтөбе өңірлік университетінде өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл кезең ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтеді.
.png)






















