2026 жылғы 28 қыркүйекте Халықаралық құқық кафедрасы «6В04201 – Құқықтану» және «6В04202 – Халықаралық құқық» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін қонақ дәрісі ұйымдастырды. Дәріске Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы прокурорының көмекшісі, кіші әділет кеңесшісі Мұхтаров Хамит Мыңжасарұлының қатысуымен қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Дәріс барысында Хамит Мыңжасарұлы студенттерге сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы прокурордың рөлі, прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың ерекшеліктері, сондай-ақ заңдылықты қамтамасыз етуде және қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауда прокуратура органдары қызметінің маңызы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ерекше назар дропперлік мәселесіне аударылды.
Студенттерге дропперліктің не екені, құқыққа қайшы әрекеттер жасау кезінде үшінші тұлғалардың банк шоттары мен төлем құралдарының қалай пайдаланылатыны, сондай-ақ мұндай схемаларға қатысқаны үшін қандай қылмыстық және заңнамада көзделген өзге де жауапкершілік туындауы мүмкін екені түсіндірілді. Спикер студенттердің назарын банк карталарын, деректемелер мен банк шоттарына қолжетімділікті үшінші тұлғаларға беру кезінде сақ болу қажеттігіне аударды.
Дәрістің маңызды бөлігі АҚШ-тан Қазақстанға есірткі заттарын контрабандалау бойынша қылмыстық іске қатысты практикалық кейсті талқылау болды. Нақты мысал негізінде Хамит Мыңжасарұлы есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің ерекшеліктерін көрсетіп, тергеудің әртүрлі кезеңдеріндегі құқық қорғау органдарының рөлі туралы да айтып берді. Осындай қонақ дәрістерді өткізу студенттерге оқу барысында алған теориялық білімдерін нақты құқық қолдану тәжірибесімен байланыстыруға, прокуратура органдарының қызметі туралы түсініктерін кеңейтуге, практикалық жағдаяттарды талдау дағдыларын дамытуға және болашақ заңгерлерге қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында студенттер талқылауға белсенді қатысып, спикерге сұрақтар қойды және маманның практикалық тәжірибесінен тікелей қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері мен прокуратура органдарының жұмысы туралы білуге мүмкіндік алды.
Қонақ дәрісі ашық кәсіби диалог форматында өтіп, студенттердің қызығушылығын тудырды. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен мұндай кездесулер Құқықтану және Халықаралық құқық саласындағы болашақ мамандарды практикаға бағытталған даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
.png)






















