15.10.2026 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Наталья Викторовна Монгилеваның (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті) қатысуымен «Когнитивтік-дискурстық талдау және интерпретация теориясы: диспозитивтік матрицалардан цифрлық кеңістіктің мультимодальды метафорасына дейін» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері, соның ішінде мәтінді когнитивтік-дискурстық тұрғыдан талдау, интерпретация теориясы және цифрлық коммуникация жағдайында мағынаны репрезентациялау ерекшеліктері қарастырылды. Дискурстық құрылымдарды талдау құралы ретінде диспозитивтік матрицаларға, сондай-ақ цифрлық кеңістікте мағынаны қалыптастыру мен жеткізудің тәсілі ретіндегі мультимодальды метафораға ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылар заманауи лингвистикалық зерттеу әдістері туралы білімдерін тереңдетіп, тіл, ойлау және дискурс арасындағы өзара байланысты талқылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар вербалды және бейвербалды коммуникация құралдарын интерпретациялаудың жаңа тәсілдері қарастырылды. Ұсынылған ғылыми тұжырымдар когнитивтік-дискурстық талдауды қазіргі коммуникативтік тәжірибелерді зерттеуде қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.
Мұндай ғылыми іс-шаралар академиялық диалогты дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және университеттің зерттеушілік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Семинар қазіргі филологияның өзекті бағыттарын талқылауға және когнитивтік лингвистика, дискурс-талдау мен мультимодальды коммуникация салаларындағы болашақ зерттеулердің перспективаларын айқындауға арналған маңызды ғылыми алаңға айналды.
.png)






















