2026 жылғы 24–25 қазанда Ablaikhan University қабырғасында тартысты зияткерлік сайыс өтті! «Lex & Debate: Конституция дәлелдер тоғысында» атты қалалық пікірсайыс турнирі Алматы қаласының жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептерінен 84 қатысушының басын қосты.

Турнирге Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ), Сүлейман Демирель атындағы университеттің (SDU), Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ), «Тұран» университетінің, Satbayev University-дің, Халықаралық бизнес академиясы колледжінің (ХБА) студенттері, сондай-ақ Алматы қаласының мектеп оқушылары қатысты.
Екі күнге созылған тартысты пікірталастар, өткір сұрақтар мен дәлелді ой-пікірлер қатысушылардың шешендік шеберлігін, сыни ойлау қабілетін және өз ұстанымын дәйекті түрде қорғау дағдыларын сынға салды. Пікірсайыстың негізгі тақырыптары конституциялық құндылықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, құқықтық мемлекет қағидаттары және қазіргі Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлі төңірегінде өрбіді.
![]() |
![]() |
Қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы Ablaikhan University жанындағы AUDC PANTHEON командасы атанды. Команда жоғары дайындық деңгейін, салмақты дәлелдер келтіру қабілетін және пікірсайыс жүргізудегі шеберлігін көрсетті.
Турнир зияткерлік бәсеке алаңы ғана емес, сонымен қатар тың идеялармен алмасуға, жаңа таныстықтар орнатуға және Алматы қаласының білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

AUDC PANTHEON командасының мүшелері Абиева Аружан мен Әли Туйғынды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға мазмұнды пікірталастары, белсенді азаматтық ұстанымы және зияткерлік дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!


.png)






















