2026 жылғы 29 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультетінде «Шығыстанушы маман: тілден дипломатияға дейін» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Іс-шараның құрметті қонағы — белгілі шығыстанушы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аудармашылар пулының мүшесі Дәулет Айтмұхамедұлы Ибраев.
![]() |
![]() |
Дәріс барысында шығыс тілдерін кәсіби меңгерудің маңыздылығы, аударма қызметінің ерекшеліктері және шығыстанушы мамандардың дипломатиялық ортадағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар Шығыс елдерінің мәдениеті, тарихы мен дәстүрлерін түсінудің аударма сапасына және мәдениетаралық коммуникацияға ықпалына ерекше назар аударылды.
![]() |
![]() |
Кездесу студенттерге шығыстану саласындағы теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыруға, болашақ кәсіби қызметінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және шығыс тілдері мен мәдениеттерін меңгерудің кәсіби мүмкіндіктерін кеңірек тануға мүмкіндік берді.




.png)






















