2026 жылғы 29–30 қазанда «6В04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының жеделдетілген оқу нысаны бойынша 2 курс студенттері Аминова Рамина Стасқызы мен Есей Инкар Сайлаубайқызы халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жұлдыз Базарбекқызы Меерманованың ғылыми жетекшілігімен Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (РХШМҚА, Президенттік академиясы, Ресей, Ростов-на-Дону қ.) ұйымдастырған «Тұрақты даму, сенім және әл-ауқат жолындағы қазіргі заманғы жария құқық» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға сәтті қатысты.

Халықаралық конференция ғылыми пікір алмасуға, қазіргі заманғы жария құқықтың өзекті мәселелерін талқылауға, тұрақты дамуды қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерін жетілдіруге, қоғамдық сенімді нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған алаңға айналды.
Конференция аясында Аминова Рамина Стасқызы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі: қазіргі заманғы қатерлер және оларды болдырмаудың құқықтық тетіктері» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Баяндамада студент Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төнетін өзекті сын-қатерлер мен қауіптерді қарастырып, олардың алдын алу бейтараптандыру жөніндегі құқықтық тетіктерді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заманауи қатерлерге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ елдің ұлттық мүдделерін қорғаудағы ұлттық заңнама мен мемлекеттік институттардың рөлі туралы мәселелер қозғалды.
Есей Инкар Сайлаубайқызы «Азаматтардың цифрлық қауіпсіздігі: интернет-алаяқтықтан қорғаудағы мемлекеттің рөлі» тақырыбында ғылыми баяндама ұсынды. Зерттеуінде студент ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін сипаттады. Интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлеріне, азаматтарды киберқылмыстардан қорғаудың құқықтық тетіктеріне, цифрлық ортадағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алудағы мемлекеттің рөліне ерекше көңіл бөлінді.

Конференция қорытындысы бойынша Аминова Р.С. мен Есей И.С. қатысушы сертификаттарымен марапатталды, ал олардың ғылыми баяндамалары халықаралық конференция материалдарының жинағында жарияланады деп жоспарланған.
Халықаралық конференция ғылыми пікір алмасуға, заманауи жария құқықтың өзекті мәселелерін талқылауға, тұрақты дамуды қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерін жетілдіруге, қоғамдық сенімді нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды ғылыми алаңға айналды.
Университетті халықаралық ғылыми алаңда лайықты түрде таныта отырып, студенттер ғылыми-зерттеу қызметіне жоғары қызығушылық, кәсіби дамуға ұмтылыс және заманауи өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға дайындық танытты.
Аминова Рамина Стасқызын, Есей Инкар Сайлаубайқызын және олардың ғылыми жетекшісі Меерманова Жұлдыз Базарбекқызын халықаралық конференцияға сәтті қатысқанымен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктерге, тың зерттеу идеяларына, кәсіби өсіп-өркендеуге және ғылым мен білім жолындағы биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!
.png)






















