2026 жылғы 4–6 қараша аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында таэквондодан (WT) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатты ұйымдастыруға және өткізуге Шығыстану факультетінің «Шығыстану» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан алты бірінші курс студенті еріктілер ретінде қатысты.
«Шығыстану» білім беру бағдарламасы
- Мырзагали Айдана — 114-топ
- Ерполатқызы Арайлым — 114-топ
- Әріпжанова Роза — 116-топ
- Аскарова Сымбат — 117-топ
«Аударма ісі» білім беру бағдарламасы
- Маханбет Динара — 108-топ
- Масалим Гулдана — 110-топ

Чемпионат барысында студенттер ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып, қатысушылармен және қонақтармен өзара байланыс орнатты, сондай-ақ іс-шара алаңдарының үйлесімді жұмыс істеуіне көмек көрсетті.
Чемпионатқа қатысу студенттерге практикалық тәжірибе жинақтауға, коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіруге, командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға, бастамашылдық пен жауапкершілік танытуға мүмкіндік берді.
Еріктілік қызмет болашақ шығыстанушылар мен аудармашылардың кәсіби қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ол студенттерге тілдік білімдерін тәжірибеде қолдануға, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және ауқымды спорттық іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.
Шығыстану факультеті студенттерге белсенділігі, жауапкершілігі және университет абыройын лайықты танытқаны үшін алғыс білдіреді.
.png)






















