Қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚББТ) аясында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достастығы университетінің магистранттары Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де ғылыми тағылымдамадан өтуде

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің "6М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі", "6М020700 - Аударма ісі" мамандықтарының 2 курс магистранттары, 2020 жылдың 6-17 сәуір аралығында «Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілді білім беруді жаңғырту» ғылыми-зерттеу қолданбалы зертханасының базасында Қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚББТ) қолдану арқылы ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Қашықтықтан оқытудың жетекші маманы, оқу үдерісіне қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу мәселелері бойынша көптеген еңбектердің авторы, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі, БҰҰ Бас және кеңес беру мәртебесі жанындағы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, ҚазХҚжәнеӘТУ-нің профессоры Джусубалиева Д. М. «Кәсіби педагогикалық қызметті цифрландыру» тақырыбында дәріс оқыды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалиева К. М. ZOOM платформасында ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құралдарын пайдалана отырып, магистранттармен интерактивті қарым-қатынас жасап, «Диссертация мен мақалалардың ғылыми жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар» тақырыбында теориялық-әдістемелік семинар өткізді.

Тағылымдамадан өту аясында ҚазХҚжәнеӘТУ-нің жетекші мамандарының интерактивті кеңес беру және онлайн-қатысу дәрістері  ұйымдастырылды. Атап айтқанда, магистранттар «Тілдерді оқытудағы антропоцентрикалық парадигмалар» курсы бойынша PhD докторы М. А. Қасымбекованың, «Терминологияны басқару» курсы бойынша PhD докторы Г. С. Асанованың дәрістерін тыңдады. Онлайн режимде ҚазХҚжәнеӘТУ-нің докторанттары Саймқұлова Ш. О., Торекеев Б. А., Лян В. В. және Оспанова А. Л.,  ғылыми жұмыс жазу бойынша магистранттармен өз білімдерімен бөлісті.

Магистранттарға ҚазХҚжәнеӘТУ-нің желілік, ақпараттық және мультимедиялық электрондық ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілді. Магистранттардың тағылымдамасы аударма және шет тілді білім берудің өзекті тақырыптары бойынша, интерактивті теориялық-әдіснамалық семинармен аяқталады.

Бұл тағылымдама семинар-тренингтерге және «дөңгелек үстелдерге» белсенді қатысу барысында теориялық білім мен зерттеу дағдыларын алуға, шет тілді білім беру мен аударматану әдістемесі бойынша, жетекші ЖОО-ның оқыту жүйесімен танысуға бағытталғанын атап өткен жөн. Тағылымдама аяқталғаннан кейін, шет тілді білім берудің, аударма теориясы мен тәжірибесінің өзекті тақырыптары бойынша интерактивті теориялық-әдіснамалық семинар өткізіледі. Семинар спикерлері жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, профессор Қ. Ш. Байсұлтанова және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі доцент Э. М. Қағазбаева сөз сөйлейді. Тағылымдама аяқталғаннан кейін магистранттарға сертификаттар табысталады.

Печать E-mail

универсиада замена