Халықаралық онлайн конференция

2020 жылғы 11 желтоқсанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығы,        К. А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Тарихи-мәдени мұра нысандары туристік дестинация ретінде: мәселелері мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясын өткізді.

Онлайн конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі ғалымдар, археологтар, географтар, тарихшылар, этнологтар, қоғам өкілдері, университетіміздің оқытушылары мен студенттері қатысты. Конференцияға 10 баяндама ұсынылды. Әрбір қатысушының жоғары кәсібилігі мен жеке қызығушылығының арқасында конференция жоғары деңгейде өткенін атап өту қажет. Ұсынылған баяндамалар мультимедиямен сүйемелденді. Қатысушылар ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді, белгілі бір проблемаларды шешудің жаңа тәсілдері және туризм саласында болашаққа перспективалар белгіленді.

Аталған конференция Туризм мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының түлектері мен студенттеріне үлкен қызығушылық тудырады.

Баяндамалардың мазмұндылығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз:  Бурбаева Сауле Букиханқызы -"Бозок" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры (Нұр – Сұлтан қ.), Хабдулина Марал Қалымжанқызы-т.ғ. к., К. А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, Л. Н. Гумилев ЕҰУ тарих факультетінің "археология және этнология" кафедрасының доценті. (Нұр-Сұлтан қ.),

Жан-Лука Бонор -PhD докторы, Болон университетінің профессоры (Болонья, Италия)

Митько Олег Андреевич – т. ғ. к., НМУ тарих факультетінің "археология және этнография" кафедрасының доценті (Новосибирск, Ресей)

Михал Педрацки – PhD докторы, Варшава университетінің профессоры (Варшава, Польша)

Ашуров Сафар Хусейн оглы -PhD докторы, археология және этнография институтының оқу және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісі (Баку, Әзірбайжан)

Гасанов  Заур Гасан оглы-PhD докторы, НАНА археология және этнография институтының Ежелгі дәуірдегі археология бөлімі меңгерушісі (Баку, Әзірбайжан)

Оразымбетова Бақыт Камалқызы-ҚР Еңбегі сіңген экскурсовод, ЮНЕСКО-ның Ұлттық жаттықтырушысы

Усубалиева Салтанат Джумаділқызы -г.ғ. к., Абылай хан атындағы

ҚазХҚжӘТУ-нің ММК факультетінің халықаралық туризм және менеджменті кафедрасының доценті.

Уайсова Амина Мухамедьярқызы - Абылай хан атындағы

ҚазХҚжӘТУ-нің ММК факультетінің халықаралық туризм және менеджменті кафедрасының аға оқытушысы.  

Айтқожа Арна - Абылай хан  атындағы ҚазХҚжӘТУ магистранты.

Конференция ұйымдастырушыларына сапалы ұйымдастырғаны, қызығушылық атмосферасы және қызықты адамдармен танысу және қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз!

Қатысушылардың әрқайсысы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап және ойлануға негіз алды деп сенеміз.

Печать E-mail

универсиада замена