«Түрік тілін онлайн оқытудағы ақп­араттық технологияла­рдың тиімділігі» атты Республикалық онлайн семинар

15 сәуір сағат 11:00-де Абылай Хан атындағы ҚазХҚжәне­ӘТУ-нің 80 жылдық мерей тойы қарсаңында Шығыстану факультеті, Шығыс филологиясы кафедрасы Түрік тілі бөлімінің ұйымдасты­руымен «Түрік тілін онлайн оқытудағы ақп­араттық технологияла­рдың тиімділігі» атты Республикалық онлайн семинар өтті.

Шығыстану фак­ультетінің деканы, Дәуен Динара Ханым, аталмыш семинардың оқ­ытушылардың өзара тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыруда мол үлес​ қосатынын  атап өтті. Сонымен қатар, семинардың табысты өтуін тілей отырып, қатысушыларға алғысын білдірді.​

Онлайн-семинарға ЖОО-ның оқытушылары және магистранттар қатысты. Атап айтқанда: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ШТжәнеІКУ, А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абылай Хан атындағы ХҚжәнеӘТУ-нің білікті оқытушылары озық тәжірибелерімен бөлісті.

Печать E-mail

универсиада замена