2022 жылдың 11 наурызында Алматы қаласында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде жас ғалымдар мен мамандар үшін «Индустрия 4.0: ұрпақтар сұхбаты және жас ғалымдарға жаңа бағыт-бағдар» атты VIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция барысында шет елдік және отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен докторантары, магистранттар өз жұмыстарын көрсетті. Конференция online форматта өтті.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары мынандай болды:
- Шеттілдік білім берудегі ақпараттық-инновациялық кеңістігінің өзекті мәселелері
- Филологиялық және лингвистикалық зерттеулердің, аударма және мәдениетаралық қатысымның заманауи мәселелері
- Қазақстанның және ТМД елдерінің сандық-инновациялық дамуындағы ғылымның маңыздылығы
- Ұлы даланың ғаламдық тарихтағы рөлі: жастардың патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесі
- Қазіргі әлемнің геосаяси үдерістері: тәуекелдер мен тегеуріндер
- Шығыс елдерінің лингвистикалық және қоғамдық-саяси мәселелері
- Экономика, халықаралық және ұлттық құқық, менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері мен қазіргі заманғы трендтері.
- Ақпараттық технологиялар заманындағы бұқаралық ақпарат құралдары, журналистика және туризмнің даму бағыттары.