2024 жылдың 10 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Құқықтану" мамандығының 3 курс студенттері арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының з.ғ. к., аға оқытушы Б. М. Жугралина "Халықаралық шарттар құқығы аясында ҚР қылмыстық заңнамасындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт" тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісті з.ғ. к., халықаралық құқық кафедрасының доценті Ж. Б. Меерманова ұйымдастырды..