
Жылтырова Жанар Текесбайқызы - қауымдастырылған профессор, PhD докторы, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.
Жылтырова Ж.Т. 1984 жылы 18 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
2005 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Шетел филологиясы» (Роман-герман филологиясы факультеті) мамандығы бойынша бітірген.
2005 - 2008 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Халықаралық қатынастар факультетінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді.
2008 - 2013 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ағылшын тілінің аға оқытушысы қызметін атқарды.
2014 - 2017 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде тілдік даярлық мониторингі секторын басқарды.
2017 - 2019 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде академиялық ұтқырлық және халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының басшысы болды.
2019 жылы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша докторлық диссертация (PhD) қорғады.
2019 - 2023 жылдар аралығында ҚазҰАЗУ-де Институт директоры қызметін атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.
Жылтырова Ж.Т. 2017 - 2023 жылдары Erasmus+ (IMPROvE AGRO, SAGRIS, PAWER) халықаралық білім беру жобаларының, сондай-ақ БҰҰДБ-ның «Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру және оқыту арқылы ауған әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасының (2019-2023 жж.) қатысушысы болып табылады.
Scopus дерекқорында индекстелетін журналдарда, ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК журналдарында және оқулықтар, монографиялар, мақалаларды қоса алғанда, ғылыми жарияланымдардың авторы. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 4 куәлігі бар.
AELLCA (British Council & NILE, UK) жобасы шеңберінде педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеуші.
.png)






















