PhD - Шетел филологиясы

    Білім беру бағдарламасының бірегейлігі

    8D02322 – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының мақсаты – заманауи технологияларды енгізу арқылы докторанттарды шетел филологиясы саласында сапалы даярлауды қамтамасыз ету, шетел тілі мен филологиялық білім берудің қазіргі талаптарына сай кәсіби мамандар қалыптастыру.

    «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы докторанттардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған, атап айтқанда: жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінде бағдарлай білу, қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік, ұлттық, діни және кәсіби топтардың құндылықтық-мағыналық бағдарларын ескеру, шет тілдік мәдениеттің өзіндік ерекшелігін құрметтеуге негізделген этикалық нормаларды ұстану; ойлау мәдениетін, ақпаратты талдау және жинақтау қабілетін, мақсат қоя білу мен оған жету жолдарын анықтауды дамыту; ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін меңгеру; әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың тиімділігін қамтамасыз ететін социомәдени және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру.

    Қосымша артықшылық — докторанттардың серіктес жоғары оқу орындарында ғылыми шетелдік тағылымдамадан өтуі:

    • Кадис университеті, Испания
    • Пуатье университеті, Франция
    • VIVES университеті
    • Перпиньян университеті, Франция

    Оқу түрі

    Оқыту түрі: күндізгі

    Оқу түрі мен шарттары

    Оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен (білім беру гранты негізінде), сондай-ақ жеке қаражат (немесе өзге де қаражат түрлері) есебінен жүзеге асырылады.

    Мансаптық мүмкіндіктер

    8D02322 – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының түлектері жоғары кәсіби және ғылыми даярлыққа ие болып, ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасады.

    Оқу барысында келесі кәсіби құзыреттер қалыптасады:

    • лингвистика, филология және мәдениетаралық коммуникация саласында дербес ғылыми-зерттеу жүргізу қабілеті;
    • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушылық қызмет атқаруға дайындық;
    • жаһандану жағдайындағы тілдік және мәдени үдерістерді талдау және интерпретациялау қабілеті;
    • лингвистикалық талдаудың заманауи әдістерін, академиялық жазылымды және ғылыми коммуникацияны меңгеру;
    • мәдениетаралық және көптілді қарым-қатынас дағдыларының дамуы;
    • сараптамалық, аудармашылық, редакторлық және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру қабілеті.

    Түлектер төмендегі салаларда еңбек ете алады:

    • жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары;
    • білім беру және халықаралық ұйымдар;
    • ғылыми-талдамалық және сараптамалық құрылымдар;
    • баспа үйлері, редакциялар, аударма және мәдени орталықтар;
    • білім, мәдениет және коммуникация саласындағы мемлекеттік және халықаралық мекемелер.

    Бейіндік пәндер:

    • Лингвистика және лингводидактика теориясындағы перспективалық бағыттар мен үрдістер
    • Лингвистика теориясындағы ғылыми-зерттеу трендтері
    • Шетел филологиясы, аударматану және лингводидактикадағы лингвомәдени және когнитивтік-концептологиялық негіздер

    Біздің серіктестер:

    • Кадис университеті, Испания
    • Пуатье университеті, Франция
    • VIVES университеті
    • Перпиньян университеті, Франция

    Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:

    8D02322 – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) 

    8D02322 – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасына қош келдіңіз!

    Печать E-mail

    универсиада замена