PhD – Шетел тілі педагогтарын даярлау

    8D01721– «Шетел тілі педагогтарын даярлау»

    Білім беру бағдарламасының бірегейлігі

    8D01721– «Шетел тілі педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасының мақсаты – мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында шет тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен практикасы саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда жоғары тиімді ғылыми-әдістемелік платформа құру, қазіргі заманғы шет тілдерін оқыту әдістемесі-мәдениеттану концепциясы саласында іргелі ғылыми, заманауи ақпараттық технологияларды жетік меңгерген және шет тілін оқыту мен тұжырымдай алатын және шет тілін оқыту саласындағы таным теориялары және концептуалды мәселелерді шеше алу т.б. Білім беру бағдарламасы болашақ мамандардың шет тілінде білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу құзіреттілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған, соның арқасында докторанттар шетел тілінде білім беру әдіснамасы мен педагогикалық технологияларды жетілдіру бойынша заманауи көзқарастарды зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізеді.

    ОП 8D01721 – «Шетел тілінің педагогтарын даярлау» бағдарламасының бірегейлігі шетел тілінде білім беру теориясын ғылыми тұрғыдан танудың заманауи платформасы болып табылатын когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық әдіснамаға негізделуінде, яғни осы ғылымның нақты әдіснамасын айқындайтын әдіснамалық қағидаттар жиынтығын қамтуында көрініс табады. Когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық негіз «мәдениетаралық коммуникация субъектісінің» қалыптасуына арналған мазмұндық-тұжырымдамалық және іс-әрекеттік платформаны құрайды.

    Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің даму стратегиясы білім беру және ғылым саласында докторлар (PhD) даярлауға, инновацияларды қабылдауға бейім, халықаралық өзара іс-қимыл тұжырымдамасына негізделген инновациялық-зерттеу және енгізу қызметін ұйымдастырып, жүзеге асыра алатын білікті мамандардың сапалық тұрғыдан жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «8D01721 – Шетел тілінің педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасының мазмұнын айқындайды.

    Қосымша артықшылық — докторанттардың серіктес жоғары оқу орындарында ғылыми шетелдік тағылымдамадан өтуі:

    ‒ Ұлыбритания: Орталық Ланкашир университеті

    ‒ Дания: Орхус университеті

    ‒ Германия: Берлиннің Гумбольдт университеті, Бамберг университеті, Пассау университеті

    ‒ Испания: Аликанте университеті

    ‒ Малайзия: Малайзияның Ұлттық университеті

    ‒ Словакия: Константин Философ атындағы университет, Коменский университеті

    ‒ Корея: Ханкук шетел тілдері университеті

    ‒ Польша: Конин қолданбалы ғылымдар университеті

    ‒ Болгария: «Неофит Рильский» Оңтүстік-Батыс университеті

    ‒ Түркия: Анкара университеті, Хаджи Байрам Вели

    Оқу түрі мен шарттары

    Оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен (білім беру гранты негізінде), сондай-ақ жеке қаражат (немесе өзге де қаражат түрлері) есебінен жүзеге асырылады.

    Оқыту формасы: күндізгі

    Мансаптық перспективалар: Кәсіби қызмет саласы – білім беру және ғылым. 8D01721 – «Шетел тілі педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет объектілері: негізгі және бейіндік мектеп; мамандандырылған мектеп; жоғары оқу орны немесе университет. Білім беру саласындағы ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор, сондай-ақ ассистент профессор лауазымдарын атқара алады. Бұдан бөлек, ғылыми-зерттеу, өндірістік-басқарушылық, ұйымдастырушылық-технологиялық және жобалық кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.

    Бейіндік пәндер:

    ‒ Академиялық жазу
    ‒ Ғылыми зерттеу әдістері
    ‒ Шетел тілінде білім берудегі заманауи ақпараттық-технологиялық әдістер
    ‒ Шетел тілінде білім берудің қазіргі парадигмасының әдіснамасы
    ‒ Шетел тілінде білім беруді құзыреттілік тұрғыда модельдеу

    Біздің серіктестер:

    ‒ Ұлыбритания: Орталық Ланкашир университеті

    ‒ Дания: Орхус университеті

    ‒ Германия: Берлиннің Гумбольдт университеті, Бамберг университеті, Пассау университеті

    ‒ Испания: Аликанте университеті

    ‒ Малайзия: Малайзияның Ұлттық университеті

    ‒ Словакия: Константин Философ атындағы университет, Коменский университеті

    ‒ Корея: Ханкук шетел тілдері университеті

    ‒ Польша: Конин қолданбалы ғылымдар университеті

    ‒ Болгария: «Неофит Рильский» Оңтүстік-Батыс университеті

    ‒ Түркия: Анкара университеті, Хаджи Байрам Вели

    Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін 8D01721 – «Шетел тілі педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.

    8D01721 – «Шетел тілі педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасына қош келдіңіз!

    Печать E-mail

    универсиада замена