Академиялық дәрежесі: Қызмет көрсету саласының бакалавры
Оқу мерзімі:3 жыл
Оқыту тілі: қазақша/орысша/ағылшынша
«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы қызмет көрсету саласының мамандарын даярлауға бағытталған. Бұл қазіргі экономикалық қызметтің ең перспективалы бағыттарының бірі, оның түлектері мейрамханалар мен қонақүй кәсіпорындарының тиімді жұмысын қамтамасыз ете алады.
Бағдарлама жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес әзірленіп, түлектерді ресторандық іс пен қонақжайлылық саласында кәсіби қызметті орындау үшін қажетті құзыреттіліктермен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның бірегей артықшылықтары қонақжайлылық саласының білімдерін, дағдыларын, практикалық тәжірибені, академиялық оқытуды және кәсіпкерлік ойлауды теңдестірілген түрде ұштастыруда болып табылады. Ағылшын тілін терең меңгеру студенттерге практикалық жұмыста еркін бейімделуге мүмкіндік береді. Оқыту процесінде студенттер жобалық құжаттаманы әзірлеу мен жүргізу, жобаларды басқару құралдарын түсіну, жеке және топта жұмыс істей алу, басқару шешімдерін қабылдау, команданың жұмысын ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Бағдарламаның ерекшеліктері студенттердің туризм және қонақжайлылық саласындағы түрлі бағыттарда жеке оқу траекториясын таңдауы болып табылады: қонақжайлылық менеджменті, гастрономия, MICE және іс-шараларды басқару немесе халықаралық бизнес саласындағы қонақжайлылық. Студенттердің академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысуға мүмкіндігі бар, олардың ішінде Түркия, Нидерланды, Италия сияқты елдерде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалар бар.
Профессор-оқытушылар құрамы, докторлар, ғылым кандидаттары және магистрлерден тұрады, олар барлық пәндер бойынша оқыту әдістерін қолданады, оның ішінде қонақжайлылық саласындағы жағдайларды шешу, рөлдік ойындар, бизнес-тренингтер және командалық жұмысты үйлестіру сияқты әдістерді қолданады.
Бағдарлама түлектері төмендегі құрылымдарда жұмыс істей алады:
Қонақүй бизнесі: қонақүйлер, қонақ үйлер, хостелдер, курорттар мен санаторийлер, жағажай курортты аймақтар;
Ресторандық бизнес: мейрамханалар, кафелер, барлар, кофеханалар және HORECA саласындағы фудкорттар;
Кәсіпкерлік: қонақүйлерді, хостелдерді, кофеханаларды және басқа да сервистік қызмет көрсету орындарын басқару.
Мамандығын жалғастыру үшін оқуға түсетін колледж түлектері тапсырады:
- грант конкурсына қатысуға екі пән бойынша ҰБТ:
1)Қазақстан тарихы
2) Мейрамхана ж/е мейманхана қызметін ұйымдастыру
- ақылы оқуға: әңгімелесу