Аударма және филология факультеті, шетел филологиясы сөйлеу практикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Розиева Дилфуза Сельмахунқызын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары Білім Министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 05 мамырдағы № 669 бұйрығына сәйкес Розиева Дилфуза Сельмухановнаға 60200 – Тіл және әдебиет ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен құттықтаймыз.
Май 15, 2025
13.05.25ж қалалық “Жас гала 2025” фестивалінің Гала концерті өтті. Байқауда 200 дей студент арасынан суырылып шығып,финалдық кезеңге дейін жетіп,2 студентіміз номинацияларға ие болды!🥳
Май 13, 2025
Әр ұрпақтың маңдайына ел алдында өз үлесін қосу секілді ұлы міндет жазылған. Сол жауапкершілікті ерте сезініп, шынайы ынтамен қызмет етуге ұмтылатын жастар — Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының кепілі. Осындай мақсаткер буынның жарқын өкілі — Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті-нің 4-курс студенті Ермек Елдана Айдынқызы.
Май 08, 2025
2025 жылдың 06 мамырында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығыс Азиядағы қауіпсіздік және даму: үрдістер мен перспективалар» атты аралас форматта (оффлайн/онлайн) халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара мақсаттары - Шығыс Азиядағы қазіргі қауіпсіздік мәселелерін талқылау; Шығыс Азияның дамуына әсер ететін экономикалық және технологиялық үрдістерді қарастыру.
Май 06, 2025
2025 жылғы 6 мамырда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Мереке аясында әскери кафедра студенттерінің саптық шеруі ұйымдастырылды. Бұл шеру болашақ офицерлердің жоғары деңгейдегі дайындығы мен тәртібін көрсетті, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы мен еліміздің әскери тарихына деген құрметтің нышанына айналды.
Май 06, 2025
2025 жылдың 06 мамырында сағат 10:30-да Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану кафедрасы мен факультеті «Шығыс Азиядағы қауіпсіздік және даму: үрдістер мен перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел аралас форматта (оффлайн/онлайн) өтеді.
Апр 28, 2025
Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе магистр, бакалавр дәрежесі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесін ұлғайту жоспарлануда.
Заңның 15-бабының 6-тармағына сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен (GPA 3.33) төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына:
Апр 17, 2025
2025 жылы 16 сәуірде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультеті шығыс филологиясы кафедрасы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бірлесіп «Шығыс тілдеріндегі деректердің түркологиялық зерттеулердегі маңызы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік дөңгелек үстелін өткізеді.
Апр 15, 2025
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ жұмыс берушілер мен студенттерді жыл сайынғы «Бос орындар жәрмеңкесі – 2025» атты іс-шараға қатысуға шақырады.
Апр 14, 2025
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» АҚ 2025 жылы бітіретін түлектеріне арналған «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары» тақырыбында кездесу өткізеді.
Апр 14, 2025
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасының қамқорлығымен "Түркі әлемі: сайлау жүйелерін дамытудың дәстүрлері, практикасы және перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылады. Конференция 2025 жылдың 14 мамырында Түкістан қаласы, Х.А. Ясави атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің базасында өтеді.
Март 28, 2025
2025 жылғы 10-11 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың XI Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 05, 2025
2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 11, 2024
Құрметті әріптестер!
2023 жылы 27 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Окт 12, 2023
2023 жылдың 16-17 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.
Сен 22, 2023