Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Шығыстану факультеті, шығыс тілдері аударма кафедрасы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институтынының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған Алматы қаласындағы ЖОО-да қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауын ұйымдастырады. Соған орай, байқауға қатысуға ынта білдірген барлық студенттерді шақырамыз!
Байқаудың мақсаты - Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту. Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
І бөлімде - Байқауға қатысушылар Абайдың білім және ғылым тақырыптарындағы кез-келген қара сөзін қазақ және қытай тілдерінде жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3 минуттан аспауы керек.
ІІ бөлімде - Байқауға қатысушылар Абай өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде көркем шеберлікпен жатқа орындау. Уақыты 3 минуттан аспауы тиіс.
Байқауға қатысуға өтініштер 25 қарашаға дейін қабылданады.
Байқаудың уақыты: 2022 жылдың 1 желтоқсан, сағат 11:00-де.
Орны: Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің 3 оқу ғимараты, көк залы.
Ұйымдастырушылар: Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Шығыстану факультеті, шығыс тілдері аударма кафедрасы,
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институты.
Байқауға қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласыңыздар: +7 701 586 08 23 – Ашимбаева Асем Куатбековна.
Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қатысушы өтінімі