Шығыстану факультеті Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мюдеррисоглу және оқу Атташесі – Коркмаз Айханмен кездесу ұйымдастырып жатқанын қуана хабарлаймыз!
Кездесудің мақсаты: өзара әрекеттесу мәселелерін талқылау, Түркия Республикасының университеттерімен байланысты кеңейту, академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық.
📅 Күні: 12 ақпан
🕝 Уақыты: 14:30
📍 Орын: Қызыл акт залы, Бас оқу ғимараты
Қатысушылар: студенттер, оқытушылар
Білім беру саласындағы қазақстан-түрік ынтымақтастығына қызығушылық танытқандарды шақырамыз. Бұл түрік мәдениеті, тілі, академиялық ұтқырлық және түрік компанияларында тағылымдамадан өтуге қатысты мәселелерді талқылауға және кездесуге бірегей мүмкіндік!