Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2024"атағын беруге конкурс жариялады.
Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа жоғары оқу орнының штаттық оқытушысы болып табылатын, құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар және соңғы он жыл ішінде Конкурс жеңімпазы атанбаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурс жыл сайын екі кезеңде – ЖОО ішілік және республикалық кезеңдерде өткізіледі.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Конкурстың бірінші ЖОО ішілік кезеңі -2024 жылғы 11 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс: Умирзакова Гульзира Абдрахмановна, Тел.7(727)2920384, ішкі. 2418; umirzakova.g@ablaikhan.kz.