«Заң және тәртіп» ұстанымын дамыту шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Орал қаласының әкімдігімен бірлесіп, TikTok платформасында «АДАЛ ҚОҒАМ» республикалық байқауын ұйымдастыруда.
Байқау 14 жастан асқан TikTok қолданушылары үшін арналған. Аталған байқау жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, әділеттілік және заңның үстемдігі мәселелеріне тартуға бағытталған.
Осыған байланысты сіздерден осы ақпаратты 14 жастан асқан оқушылармен студенттерге жеткізуді сұраймыз.
Қабылданған шаралар туралы ақпаратты ағымдағы жылдың 20 ақпанына Департамент атына жолдау қажет.
Қосымша: Байқаудың ережесі мен қағидасы.