Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының тапсырысы бойынша «Асыл заман» қоғамдық қоры 14 пен 35 жас аралығындағы жастар арасында берік отбасылық құндылықтарды, моральдық-этикалық нормалар мен руханиадамгершілік бағдарларды қалыптастыру және насихаттау, сондай-ақ махаббатқа, құрметке және жауапкершілікке негізделген саналы өмірлік
таңдауға шабыт беретін шығармашылық өзін-өзі таныту арқылы келесі байқауларды іске қосты:
– Instagram әлеуметтік желісінде #семейныйотдых хэштегімен фотосуреттер байқауы (Қосымша 1);
– Отбасылық құндылықтарды, моральдық-этикалық және руханиадамгершілік қасиеттерді насихаттауға бағытталған «Отбасым – мақтанышым!» атты бейнероликтер байқауы (Қосымша 2);
Байқауға қатысу үшін өтінімдер мен жұмыстар 2025 жылғы 7 сәуір мен 30 сәуір аралығында қабылданады. Байқауға Алматы қаласында тұратын 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жастардың аталған байқаулармен толыққанды танысуы және қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, көмек көрсетуіңізді сұраймыз.
Байқау шарттарымен Қосымша 1 мен Қосымша 2-де, сондай-ақ @jastar_ala Instagram парақшасында немесе 8 747 406 64 60 байланыс нөмірі арқылы танысуға болады.