Студенттік практика бағдарламасы аясында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) студенттерді кәсіби практикадан өтуге шақырады!
4-курс – 10.03.2026 ж. – 10.04.2026 ж. аралығы,
«Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша:
- Ақсай қ. – 2 орын
- Орал қ. – 1 орын
3-курс – 26.05.2026 ж. – 26.06.2026 ж. аралығы,
«Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша:
- Ақсай қ. – 2 орын
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
4-курс үшін — 2026 жылғы 29 қаңтар,
3-курс үшін — 2026 жылғы 1 наурыз.
Орындарды алдын ала брондауға үлгеріңіздер (өтініш нысаны қоса беріледі)!
КПО-да практикадан өту шарттары:
Практикаға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары — оқу барысында үздік нәтижелер көрсеткен, барлық оқу кезеңі бойынша орташа балы «5»-тің «4»-інен төмен емес немесе «4»-тің «3»-інен төмен емес студенттер қабылданады.
Өндірістік практиканың ұзақтығы — 1 ай.
Студент оқу жылы ішінде практикадан бір рет қана өте алады.
- Практика ақысыз түрде ұйымдастырылады;
- Практика мерзімінде жатын орын қарастырылмайды;
- Ақсай қаласына дейінгі және кері жол шығындары өтелмейді;
- Кен орнында практикадан өтетін студенттерге тамақтану (түскі ас), сондай-ақ жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) және тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары (ЖҚҚҚ) беріледі;
- Практика кезеңінде жұмыс орнына дейін және кері жеткізу КПО көлігімен жүзеге асырылады;
- Практикадан өту КПО-да әрі қарай жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді.
Практикаға қабылданған студенттер жеке куәлігі мен медициналық анықтаманы (075/У) міндетті түрде ұсынуы қажет.
Практикадан өту үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Студенттің өтініші (Appl.Form ағылшын/орыс тілінде толтырылады), электронды 3×4 фото қоса тіркеледі — өтініш түрлі-түсті принтерде басып шығарылуы тиіс;
- Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі;
- Транскрипт / сынақ кітапшасының көшірмесі.
Барлық құжаттар A4 форматында ұсынылуы тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін Практика және жұмысқа орналастыру орталығына,
110-кабинетке (1 корпус) хабарласуларыңызды сұраймыз!
.png)






















