24 ақпанда сағат 10:00-де (1-оқу корпусы, 219-аудитория) «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес» кафедрасының бизнес-серіктесі — «Nomad Insurance» АҚ өкілдерінің қонақ дәрісі өтеді.
Кездесу барысында компания өкілдері сақтандыру бизнесі саласындағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, нарықтың заманауи үрдістері, персоналды басқару ерекшеліктері және қаржы секторындағы маркетингтік стратегиялар туралы баяндайды.
Баяндамашылар:
Әбейталипова Айнұр Есенгелдинқызы — персоналды басқару жөніндегі директор (HRD);
Иминов Шакир — маркетинг департаментінің директоры.
Қонақ дәріс студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және кафедраның бизнес-қауымдастықтың жетекші өкілдерімен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.
.png)






















