University of Perpignan Via Domitia (Перпиньян қ., Франция) университетінде Erasmus+ KA107 (International Credit Mobility) бағдарламасы аясында халықаралық кредиттік ұтқырлыққа қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Бағдарлама келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
* Staff for Teaching (оқытушылық қызмет)
Бағыттар:
- Білім беру ғылымдары (мұғалімдерді даярлау)
- Тілдер (тіл, әдебиет және лингвистика)
- Бизнес және басқару (бухгалтерлік есеп, қаржы, банк ісі, сақтандыру, менеджмент, маркетинг, туризм)
* Staff for Training (біліктілікті арттыру)
Қатысуға шақырылады:
- профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ),
- университеттің әкімшілік қызметкерлері.
Бағдарлама шетелдік серіктес университетте қысқа мерзімді академиялық ұтқырлықтан өтуге мүмкіндік береді. Ұтқырлық мақсаты — дәріс оқу, тәжірибе алмасу, кәсіби құзыреттерді дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Қатысу шарттары:
- Ұтқырлық мерзімі: кемінде 5 жұмыс күні
- Қаржыландыруға мыналар кіреді:
- күнделікті шығындарға арналған грант (күніне 190 евро)
- жол жүру шығындарының өтемақысы (Erasmus+ қашықтық калькуляторына сәйкес, Қазақстан үшін — 1188 евро)
- Шетел тілін міндетті түрде меңгеру: ағылшын тілі — кемінде B2 деңгейі және/немесе француз тілі — кемінде B2 деңгейі
Құжаттарды тапсыру тәртібі:
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды Халықаралық ынтымақтастық басқармасына тапсырып, сондай-ақ университеттің платформасына жүктеу қажет:
- Өтініш (жүктеу)
- Europass форматындағы CV (https://europass.europa.eu/en/create-europass-cv )
- Ұтқырлық жоспары (бағытына сәйкес: teaching/training)
- Ағылшын тіліндегі жұмыс орнынан анықтама
- Сертификаттардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері
- Паспорт көшірмесі (Kaspi/eGov қосымшасынан емес)
- Шетел тілін меңгергенін растайтын құжат (сертификат немесе басқа оқытушыдан ағылшын және/немесе француз тілінде растау хаты
- Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат
- Осал топтарға жататын жағдайда — тиісті мәртебені растайтын құжат
*Құжаттарды файлдарға салып, тезтіккішке бекітілген түрде тапсыруыңызды сұраймыз. Әрбір үміткер құжаттарды жеке тапсыруы тиіс
*Қазақстаннан кандидаттарға арналған орын саны - 3
.png)






















