2026 жылғы 29 қазанда сағат 10:00–13:00 аралығында университетімізде белгілі шығыстанушы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аудармашылар пулының мүшесі Дәулет Айтмұхамедұлы Ибраевтың қатысуымен «Халықаралық қатынастағы аударма ісі» тақырыбында қонақ дәріс өтеді.
![]() |
![]() |
Қонақ дәріске «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 2 және 4-курс студенттері қатысады. Кездесу барысында халықаралық қатынастар саласындағы аударма қызметінің ерекшеліктері, аудармашының кәсіби міндеттері, практикалық тәжірибесі және қазіргі мамандарға қойылатын талаптар талқыланады.
Іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, шығыстану және аударма салаларындағы практикалық білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ болашақ мамандығының қыр-сырын тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.
Өтетін күні: 29 қазан 2026 жыл
Өтетін орны: № 108 конференц-зал
Уақыты: 10:00–13:00
Қатысушылар: «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 2 және 4-курс студенттері, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2-4 курс студенттері


.png)






















