Құрметті Ablai Khan University студенттері мен түлектері!
Қазақстанда жоғары оқу орындарын жоғары академиялық көрсеткіштермен аяқтаған түлектер үшін конкурстық іріктеуден өтпей мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орташа үлгерім көрсеткіші (GPA) 3,33-тен төмен емес түлектер университетті бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының жекелеген басшылық емес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына үміткер бола алады.
Бұл мүмкіндік мемлекеттік білім беру гранты негізінде де, ақылы бөлімде де білім алған түлектерге қолжетімді.
Жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі eQyzmet.gov.kz порталында «Түлектерге арналған бос жұмыс орындары» (TULEK) атты арнайы бөлім ашты.
Аталған бөлімде мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындарымен танысып, үміткерлерге қойылатын талаптарды білуге және сәйкес келетін лауазымдарға өтінім беруге болады.
Бос жұмыс орындарын қарау: https://eqyzmet.gov.kz/#/main/graduate/vacancies
Алған біліміңізді іс жүзінде қолданып, мемлекеттік қызметте кәсіби мансабыңызды бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
.png)






















