Профессор Химо Миккола ҚР БҒМ «Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасы аясында Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде дәрістер өткізуде.
Профессор Химо Миккола ҚР БҒМ «Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасы аясында Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде дәрістер өткізуде.
Түркия мемлекетінің құрылғанына 95 жыл толуына орай қазан айының 31-ші жұлдызында Шығыстану факультетінің шаңырағында Түркияның Қазақстандағы Бас Консулы Рыза Қаған Йылмаз мырзамен кездесу өтті.
Қазан айының 30-ы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, қытайтанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов "Китай в моей жизни" атты тақырыпта қоғам қайраткерлері мен кітапхана оқырмандары, студент және магистрант жастары арасында дөңгелек үстел өткізді.
2018 жылы 26 қазан мен 23 қараша аралығында университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына Сиракуз университетінің (АҚШ) профессоры Ольга Матьяш «Тұлғааралық коммуникация» тақырыбында дәрістер курсын оқуда.
2018 жылы 26 қазан мен 13 қараша аралығында «Аударма ісі» мамандығының оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына шетелдік ғалым, Магдебург-Стендаль Университетінің профессоры Х. Шварц (Германия) «Кәсіби аудармаға кіріспе» және «Функционалды аудармаға кіріспе» тақырыбында дәрістер курсын оқиды.
Басқару және халықаралық коммуникациялар департаменті PR-маманы, журналист және Insight Media-байланыс агенттігінің негізін қалаушы Юрий Дороховпен кездесті.
Кездесу «PR» мамандығының студенттерімен өткізілді. Бұл іс-шараның басты тақырыбы - келушінің кәсіби қызметі және бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен тәжірибесі.
29 қазанда университетте Әлия Қуантаеваның клубы ағылшын тілінде «The trend of celebrating Halloween in Kazakhstan» («Қазақстанда Halloween-ді мерекелеу тенденциялары») тақырыбында пікірсайыс өткізді. Қазіргі кезде жұртшылық кейбір шаралардың мәні мен маңызын түсінбей жатады.
25 қазанда университетте FLEX бағдарламасының түлектерінің ұйымдастыруымен «EngEdWorkshop» шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағаты студенттерге ағылшын тілінен теориялық білімдерін тәжірибеде байқап көруге, өз деңгейлерін анықтауға және жаңа достар табуға жақсы мүмкіндік берді.
25 қазанда журналистика факультетінің бірінші курс студенттері Дінмуxаммед Аxмедұлы Қонаевтың мұражайына барып кайтты. Жаңа заманындағы Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі Камиля Қасымқызы Чаттарбекованың және экскурсия жетекшісінің жетекшілігімен осы біртуар тұлғаның өмірі туралы әңгімелерін еркін атмосферада сүйсініп тыңдадық.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінің 1-ші курс стунденттері қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасының доценті Қарабаева Запихан Мухтаровнаның ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағы драма-театрына барды.
Әзілсіз және күлкісіз өмірдің сәні болмайды, «Күлкі – өмір көркі» деп тегін айтылмаса керек. Университетімізде 25-ші қазан күні студенттердің естен кетпес кеші – Жайдарман ойындары өтті. Көңілді әрі қызықты өткен кеш студенттер қауымының көңілін бір серпілтіп тастады. Бұл жолы сайыста 9 команда бақ сынады.