23.06.2022 университетімізде Inholland (Нидерланды) университетінің делегациясымен кездесу өтті.
23.06.2022 университетімізде Inholland (Нидерланды) университетінің делегациясымен кездесу өтті.
2022 жылдың 21 маусымында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де Халықаралық құқық және экономика факультетінің "Бизнес және басқару" дайындық бағыты бойынша 2 курс студенттерінің оқу практикасын өткізу аясында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары профессор А.А. Акпарованың жетекшілігімен "Қазақтелеком"АҚ-ға экскурсия ұйымдастырылды.
2022 жылдың 17 маусымында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де Халықаралық Құқық және Экономика Факультетінің 2 курс студенттерінің "Бизнес және басқару" дайындық бағыты бойынша оқу практикасын өткізу аясында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары профессор А. А. Ақпарованың жетекшілігімен 2017 жылғы "Экономика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура түлегі, "Сбербанк" АҚ бас талдаушысы - Мурат Бакдаулеттің дәрісі ұйымдастырылды.
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ білім беру бағдарламалары бойынша сыртқы сараптау комиссиясының Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АжРТА) халықаралық аккредиттеу талаптарына сәйкестігі туралы мамандандырылған және бастапқы мамандандырылған аккредитациясынан сәтті өтті:
2022 жылдың 6-13 маусым аралығында АҚШ-тың Эмпория мемлекеттік университетінің (Emporia State University) студенттері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде мәдени алмасу бойынша тағылымдамадан өтті.
2022 жылдың 10 маусымында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ мен Universitas Pembangunan Nasional Veteran Jakarta арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Индонезия бұрышы ашылды. Ынтымақтастығымызды дамыта отырып, біз әріптес болып отырған жоғары оқу орындары елдерінің этномәдени алуан түрлілігі туралы хабардар болуға, студенттер мен оқытушыларды әлем елдерінің жаңа көкжиектері мен мәдениеттерімен таныстыруға тиіспіз.
2022 жылғы 9 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетіне Universitas Pembangunan Nasional Veteran Jakarta (Индонезия) делегациясы ресми сапармен келді. Бұл іс-сапардың мақсаты екі университеттің білім және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қою болды.
2022 жылғы 2 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде Мәжіліс депутаты Мади Ахметовпен конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз» тақырыбында семинар өтті.
2022 жылдың 31 мамырында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті "Шетел филологиясы", "Журналистика" мамандықтарының 1 курс магистранттарымен өткен "Media Landscapes of Language and culture: Text Reading" курсының қорытындысы бойынша 5 кредит көлемінде қорытынды семинар өткізді. Курс халықаралық білім беру жобасы аясында Цюрих университетінің (Швейцария) білім беру платформасында өткізілді. Жобаның ұйымдастырушысы және жетекшісі филология ғылымдарының докторы, Цюрих университетінің доценті-хабил Буренина-Петрова О.Д., жобаның үйлестірушісі филология ғылымдарының докторы, ҚазХҚжӘТУ профессоры Гиздатов Г.Г болып табылады.
2022 ж. 31-ші мамырдан 2-ші маусым арасында университетімізге философия ғылымдарының докторы, профессор Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РХШжМҚА) халықаралық ынтымақтастық кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д, проф. Семедов Семед Абақаевич ресми сапармен келді. Құрметті қонағымыз университет ректоры, академик Салима Сағиқызы Құнанбаевамен кездесіп, университетіміздің РХШжМҚА-мен бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ екі университет ғалымдарының өзара іс-қимылы және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады.