2022 жылдың 21 қаңтарында еліміздің, сондай-ақ таяу және алыс шетел ЖОО-ының 100-ден аса оқытушылары: РФ Ульяновск мемлекеттік педагогикалық университеті доценті, ф.ғ.к. Лобина Ю.А.; Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей университеті профессоры, ф.ғ.д. Лазариди Милана Исааковна; Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры, ф.ғ.д. Им Светлана Борисовна; Қытай, Далянь шетел тілдері университеті, Орыс тілі институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Синица Ирина Анатольевна; Түркия, Хаджи Байрам Вели атындағы Анкара университеті, PhD Мырзабекова Майя Жаксыбекқызы; Қырғызстан, Ош мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Болотакунова Гульзат Жолдошбековна; Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің докторанты Жакупов Георгий Александрович Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының Google Meet алаңында онлайн өткізілген «Көптілді білім беру: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел мәжілісіне белсенді түрде ат салысты.