2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 1 курс магистранттары («Шетел филологиясы», «Журналистика» мамандығы) «Мәдениеттің медиа ландшафты: мәтінді оқу» халықаралық онлайн курсын оқыды.
2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 1 курс магистранттары («Шетел филологиясы», «Журналистика» мамандығы) «Мәдениеттің медиа ландшафты: мәтінді оқу» халықаралық онлайн курсын оқыды.
2023 жылдың 25 сәуірі мен 5 мамыр аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, Шығыстану факультеті базасында Хэбэй Инженерлік Университетімен (ҚХР) бірлесіп, халықаралық « Бір белдеу – бір жол» жоба аясында, Қытай бастамасының 10-жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында 20-21 сәуірде студенттер арасында «Шетел тілдері» мамандық топтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі болып өтті.
2023 жылдың 18-20 сәуірі аралығында Аружан Бекетқызы «Журналистика» мамандығының 3 курс студенті «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технология арқылы шешім қабылдауға азаматтық қатысу» проект аясындағы «Civic Tech Camp» бағдарламасына қатысты.
2023 жылы 20 сәуірде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Science, Creative & Art Forum 2023» атты студенттердің ІІІ Қалалық Форумы өтті. Қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндері кафедрасының меңгерушісі с.ғ.к доценті Изтаева Венера Амангельдиевна мен аға оқытушы Досжанова Ақмарал Ивновнаның жетекшілігімен «Әлеуметтану пәні» бойынша Шығыстану мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
2023 жылдың 17 – 20 cәуір аралығында, «БҰҰ-дағы қытай тілі күніне» орай Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті мен Конфуций институты бірлесіп, аударма ісі, шетел филологиясы және шығыстану білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1 – 3 курс студенттері арасында төмендегі жарыстар өткізілді:
1) Қытай тілінде жаңылтпаш айту сайысы
2) Мақал-мәтелдер сайысы
3) Қытайтілінде шығарма жазу және көркем мәтін аудару сайысы
10-20 сәуір 2023 жылы Бішкек қаласында Алатау университетінің ұйымдастыруымен Халықаралық 21 - ші Түрік тілі олимпиадасы болды.
2023 жылдың 19 сәуірінде МҚКТП кафедрасының аға оқытушысы – Алпысбаева Саулет Тасыбековна АҚШ елшілігі мен Американдық бұрыштың ұйымдастырумен “Fulbright FLTA Alumni Panel and 2024 Application Workshop” атты онлайн воркшопқа шақырту алды. Алпысбаева С.Т. “My experience as a Fulbright FLTA” атты презентациясы тақырыбында тәжірибесімен бөлісті (бағдарламаға беру, эссе жазу және басқа АҚШ тұру бойынша сұрақттарды).
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ “Білім беруді кәсіби цифрландыру” кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19 сәуірінде «Заманауи Қазақстандағы жастар мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
2023 жылғы 18 сәуірде сағат Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Ұлттық бірегейлік және мемлекет тұрақтылығы» тақырыбында республикалық семинар өтті.
2023 жылдың 17 сәуірінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-да 3-4 курс студенттеріне арналған жыл сайынғы "Бос орындар жәрмеңкесі-2023" өтті. Жәрмеңкенің ұйымдастырушысы оқу басқармасының тәжірибе және жұмысқа орналастыру орталығы болып табылады.