2023 жылдың 25 сәуірі мен 5 мамыр аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, Шығыстану факультеті базасында Хэбэй Инженерлік Университетімен (ҚХР) бірлесіп, халықаралық « Бір белдеу – бір жол» жоба аясында, Қытай бастамасының 10-жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараның бірінші күні шығыстану білім беру бағдарламасының жоғары курс студенттері мен «Шетел филологиясы», «Ілеспе аударма» және «Шығыстану» білім беру бағдарламаларының магистранттары қатысқан қытай каллиграфиясы байқауының салтанатты ашылуымен басталды. .
2023 жылғы 28 сәуірде «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Құттықтау сөзбен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің проректоры, э.ғ.д., профессор Успанова М.У. және Хэбэй инженерлік университетінің гуманитарлық-заң факультетінің деканының орынбасары, доктор, профессор Ду Лей, ассистент-профессорлар Лю Синся, Ли Биньян, Ван Чжу, оқытушылар Ван Лей, Ши Яньхонг және Хэбэй инженерлік университетінің студенттері қатысты.
Қатысушылар қазақ-қытай халқын көпжылдық достық және тату көршілік қарым-қатынастар біріктіретінін, Қазақстан мен Қытай арасындағы достық екі елдің мүддесіне сай келетінін айтты. Қытайлық «Бір белдеу – бір жол» мен Қазақстанның «Нұрлы жолы» бір-бірімен тоғысқан екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге септігін тигізуде. Кездесуден кейін қатысушылар естелік ретінде топтық суретке түсті.