Жаңа 2019-2020 оқу жылы енді ғана басталғанымен, аймақтанушыларымыз сапар үстінде.28 қыркүйек 2019 ж. Малиқайдаров Ерғали, Касенова Динара, Бисембеева Асель 5В050500 - «Аймақтану» мамандығы бойынша ХҚФ-ның 3 және 4 курс студенттері Нұр- Сұлтан қаласында өткен «II Халықаралық Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделіне» қатысты.
Аталмыш іс-шара Назарбаев орталығында өтті және ол Қазақстандағы Жастар жылына арналды. Мақсат - жастарды әлемдік қауымдастықтың жаһандық мәселелерін шешуге тарту. Біздің студенттермен қатар Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан және Өзбекстаннан делегаттар қатысты.