2023 жылы 28 қазанда Алматы қаласы Республика сарайында Түркия Республикасының құрылуына арналған тарихи көрме өтті. Бұдан тура жүз жыл бұрын Түркия 1923 жылы 29 қазан күні республика ретінде жарияланды. Бұл күн Түркия тарихындағы жаңа қадам, Тәуелсіздік пен ұлттық жаңғыру кезеңінің басталған сәті болды. Мұстафа Кемал Ататүрік елде саяси, құқықтық, мәдени және әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бірқатар реформаларды жүзеге асырып, мемлекеттің негізін қалаған еді.
Бұл тарихи көрмеге факультетіміздің түрік тілі бойынша «Dilmar» үйірмесінің жетекшісі Бабажанова Анардың ұйымдастыруымен Шығыс филологиясы кафедрасының оқытушылары, Шығыстану кафедрасының оқытушылары аға оқытушы Жунусова А.К., т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. және түркітану білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Мерекелік тарихи көрмені Түркияның Алматыдағы бас консулы Эврен Мудеррисоғлу ашты.
Бауырлас ел Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойы құтты болсын!