24-25 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 5-ші Корейтану апталығы аясында корейтану бойынша 13-ші Орталық Азия олимпиадасы және ТМД елдерінің жас корейтанушы- зерттеушілерінің 8-ші конференциясы өтті.
Биыл Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Корейтану апталығының бірлескен ұйымдастырушысы университеттің көптен бергі серіктесі- Корея Республикасының Чунан университеті болды. Зерттеушілердің жаңа буынын дайындауға және академиялық алмасуға жәрдемдесу мақсатында өткізілетін осы іс-шараларды өткізуде Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулдығы, Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы білім беру орталығы, Қазақстандағы Оңтүстік Корея бизнесмендерінің қауымдастығы, Халықаралық корей қоры, Корея Республикасының Корейтану академиясын Шетелде корейтануды дамыту агенттігі, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корей бөлімі түлектерінің қауымдастығы сияқты бірқатар ұйымдар мен мекемелер қолдау көрсетті.
Іс-шараларға барлығы 120 адам қатысты - бұл 6 елдің 9 қаласындағы 18 университеттің студенттері мен оқытушылары. Қазақстанның атынан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сулейман Демирель Университеті, Лингвистикалық колледж, Шетел тілдері педагогикалық колледжі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев Университетi, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті қатысты. Қырғызстаннан Орталық Азиядағы Қырғыз университеті, Қырғыз-корей колледжі, Өзбекстаннан Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті, Ташкенттегі Пучон университеті қатысты. Іс-шараларға алғаш рет Әзірбайжан атынан Баку мемлекеттік университетінің студенттері мен Грузиядан Илия мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.
24 қарашада өткен ашылу салтанатында Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхон барлық жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, олимпиада мен конференцияның барлық қатысушыларына, оқытушылар мен барлық мүдделі тұлғаларға қолдау білдіріп, барлық іс-шаралардың сәтті өтуін тіледі. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ стратегиялық даму жөніндегі проректоры Кунанбаева Д.А. ханым және Чунан университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры У Сухан мырза құттықтау сөз сөйлеп, олимпиада қатысушыларына сәттілік, ал конференция қатысушыларына жемісті жұмыс, ал жиналғандардың барлығына ғылыми-зерттеу жұмысында және жас зерттеушілердің әлеуетін қалыптастыру мен нығайтуда табыс тіледі.
ТМД елдерінің жас корейтанушы-зерттеушілерінің 8-ші конференциясында қызықты баяндамалар ұсынылды, олардың арасында «Шығыстың ұлы ақындары Абай Құнанбаев пен Ким Соволдың төрт мезгілі туралы поэзиясын салыстыру» (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 3 курс студенттері Мухамбетжан Жансая, Ербол Ажар, Базарбай Гаухар), «The Effect of Over-educftion on Life Satisfaction among South Koreans» (Назарбаев Университетiнің 4 курс студенті Темиргалиева Гаухар), «Influence of Korean Culture in Georgia» (Илия мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Иакобишвили Натия), «Корея Республикасындағы сұлулық индустриясының дамуының заманауи ерекшеліктері» (Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің магистратурасының 1 к. студенті Мамарасулова Ирода).
Корейтану бойынша 13-ші Орталық Азия олимпиадасы екі күн бойы өтті. Корейтану бойынша Орталық Азия олимпиадасының барлық қатысушылары корей тілін жоғары деңгейде меңгергендігін көрсетті, бұл қазылар алқасының жұмысын қиындатты. Қазылар алқасының құрамына Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігінің жанындағы білім орталығының директоры Ким Тэхван мырза, Алматыдағы РОSСО АҚ филиалының директоры РОSСО в Алматы господин Пак Бёнг Ук мырза, «Шинхан Банк Қазақстан» Басқарма мүшесі Джон Бёнгкю мырза, «BLJ Lawfirm» заң фирмасының жетекші адвокаты Ли Чжэ-вук мырза кірді. Қазылар алқасының әділ бағасы бойынша бір бірінші орын, екі екінші, үш үшінші орын, төрт ынталандыру сыйлығы, сондай-ақ корей бөлімі Түлектерінің қауымдастығынан жүлде берілді. Бірінші орынғк Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің 2 курс студенті Цой Яна ие болды, және Чунан университетінің проректоры Чунан университеті ректорының арнайы сыйлығы - академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Чунан университетінде бір семестрлік оқуға арналған стипендиясын табыс етті, олимпиада жеңімпазы Корея Халықаралық Қорының қолдауымен Корея Республикасында тілдік курстарда оқуға мүмкіндік алды.
Корейтану апталығы аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы Чунан университетімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шаралар сәтті аяқталды. Өткізілген іс-шаралардың барлық бейнелері мен фотосуреттерін мына жерден көруге болады: корейтанушы-оқытушылардың Орталық Азия қауымдастығының сайтында http://canks.asia
YouTube арнасында https://www.youtube.com/channel/UC6jTRgKrV0ojq8vf73xV7Yg
Instagram парақшасында https://instagram.com/akspca2012?utm_medium=copy_link