2023 жылдың 30 мамырда Абылай хан атындағы ҚазҰМУ-да 3-4 курс студенттеріне арналған жыл сайынғы "Бос орындар жәрмеңкесі-2024" өтті. Жәрмеңкенің ұйымдастырушысы оқу басқармасының тәжірибе және жұмысқа орналастыру орталығы болып табылады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болашақ түлектерді жұмыс берушілердің қызметі және олардың бос жұмыс орындары туралы ақпараттандырады.
Жәрмеңкеге мемлекеттік органдардың, мектептер, оқу орталықтары банк, туризм, сауда, қызмет көрсету саласындағы жетекші отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері, университет түлектері мен студенттері қатысты.
Жұмыс беруші ұйымдар өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмысқа орналасуға үміткерлерді алдын ала іріктеу жүргізді. Сондай-ақ қонақүй бизнесі, білім беру, заң және мемлекеттік ұйымдарға жас мамандар қажет болды. Шарада 70-тен астам жұмыс беруші 1200 студентке өз қызметі мен бос жұмыс орындары туралы айтып берді.
2024 бос орындар жәрмеңкесіне қатысатын компаниялар: «CU Central Asia» ЖШС, CNLC International Kazakhstan Inc, Алматы қаласындағы Қытайдың коммерциялық және өнеркәсіптік банкі «ICBC bank» АҚ, KZ.EXPO, Еуразиялық банк, PetroChina International Pipeline Company, Koryo Ilbo - корей тіліндегі республикалық газет және ресейлік және басқа жұмыс берушілер, сонымен қатар Net Light Lab, Туран ТВ, Агентство “PR бизнес”, Алатау Ақпарат, Новостной портал NUR.kz.
Жұмыспен қамту орталығының мамандары студенттерге тұрақты жұмысқа орналасуға қалай көмек көрсетілетінін түсіндіріп, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты», «Қоғамдық жұмыстар» жобаларына қатысу туралы ақпаратпен бөлісті.
Алматы қаласы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаменті» ММ, Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері құқық қорғау және мемлекеттік органдарға қызметке орналасу тәртібін түсіндірді.
Тұсаукесер жасаған компаниялардың бірі студенттерге арналған бос жұмыс орындары бар "Mansap4U" (жастар еңбек биржасы) платформасы болды. Компания өкілдері осы сайтты бір рет басу арқылы түлектер өздерін қызықтыратын және қолайлы бос орынды қалай таба алатындығын толығырақ түсіндірді.
Қатысушы мектептер: Алматы қаласы Білім басқармасының "Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия" КММ, "INTERLINGUA" мекемесі, Алматы қаласы Білім басқармасының "№202 мектеп-гимназия" КММ, "NNEF" қоғамдық қорының филиалы "Алматы қаласындағы Халықаралық мектебі" және басқалары – болашақ түлектермен алдын ала сұхбат жүргізіп, мекемелердегі сұранысқа ие бос орындар және мектептерге жұмысқа қабылдаудың жаңа шарттары туралы ақпарат берді.
Биыл алғаш рет бос орындар жәрмеңкесіне «InterPress» тіл орталығы мен «IDP IELTS Kazakhstan» ресми IELTS тест орталығы қатысты. Біз бұл ұйымдармен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі түлектердің жәрдемдесуге, сондай-ақ жұмыс берушілер мен Абылай хан атындағы ҚазМУ-дың жұмыспен қамту орталығы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ең ірі мансаптық шараға айналуда.