2025 жылғы 23 сәуірде университетте Marriott International халықаралық қонақ үй желісінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге The Ritz-Carlton, Алматы қонақ үйінің бас директоры Alexander Sell және Marriott тобына кіретін төрт қонақ үйдің HR-директорлары (The Ritz-Carlton, Almaty; The Ritz-Carlton, Astana; Sheraton Astana; The St. Regis Astana) қатысты.
Іс-шара 6В11101 – Туризм және 6В11102 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер үшін ұйымдастырылды. Marriott өкілдері Қазақстанның екі ірі қаласындағы қонақ үйлердің қызметі туралы айтып, қонақ үй бизнесін басқарудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, студенттерге өндірістік тәжірибеден өту, Voyage – Global Leadership Development Program тағылымдамаcынан өту және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды.
Кездесу барысында университет пен Marriott қонақ үйлері арасындағы серіктестікті дамыту және қонақжайлылық саласына білікті кадрлар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Marriott International компаниясының HR-директорлары студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, кәсіби кеңестер ұсынып, халықаралық деңгейдегі қонақ үйлерде жұмысқа орналасу талаптарын түсіндірді.