Алматы қ., 2025 жылғы 18 қыркүйек – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан-Испания «Бітім / La Tregua» фильмінің шығармашылық тобының қатысуымен дәріс өтті.
Кездесуге фильмнің бас продюсері Ерлан Бекхожин, актриса Дина Тасболатова және аудармашы Юта Абрамец қатысты. Қонақтар кастинг пен түсірілімнен бастап аудармаға, шығармашылық бейімделуге және пост-продакшнға дейінгі халықаралық жобадағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер әсіресе фильмдерді аудару, шет тілдеріндегі актерлік шеберлік, бірлескен туындылардағы тіл мамандарының рөлі сияқты тақырыптарға қызығушылық танытты. Спикерлер тілдерді білу бүгінгі таңда шығармашылық салалардағы басты бәсекелестіктегі артықшылық екенін атап өтті.
«Тілдерді меңгеру – сіздің ең басты артықшылығыңыз. «Киноға, теледидарға, БАҚ-қа мәдениеттерді байланыстыра алатын адамдар керек», - деді өз сөзінде Ерлан Бекхожин.
Актриса Дина тіл білудің испан тіліндегі дайындық кастингінен өту және делдалсыз халықаралық командамен тікелей жұмыс жасау кезінде өзіне қалай көмектескені жөніндегі пікірімен бөлісті.
«Рөлге дайын екенімді көрсету үшін испан тілінде кейіпкер сөзін айтуды үйрендім. Бұл менің артықшылығым болды», - деді Тасболатова.
Аудармашы және шығармашылық адаптер Юта Абрамец құжаттар мен келіссөздерден бастап түсірілім жұмыстарына дейін және фильмді дубляж бен локализациялауға қатысуға дейінгі сапарымен бөлісті.
«Мен лингвист мамандығының алғашқы кездесулерден бастап соңғы кадрға дейінгі барлық үдерісті қамтитынын көрдім», - деді ол.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, халықаралық коммуникациялар кафедрасының меңгерушісі Ким Ольга Яковлевна: «Мұндай кездесулер біздің студенттерге – аудармашыларға, журналистерге және дипломаттарға – кәсіби маман болудың шынайы жолын көруге мүмкіндік береді, олардың ой-өрісін кеңейтеді және халықаралық салада алға жылжуға және мансап құруға ынталандырады», – деп атап өтті.
Ашық әңгіме форматында студенттер фильмнің мәні, Испаниядағы түсірілім ерекшеліктері, актерлік құрам, актерлік шеберлік, аударма, қойылым, тарихи дәлдік туралы сұрақтар қоюға зор мүмкіндік алды.
Кездесу «Бітім/La Tregua» фильмі продюсерлері ұйымдастырған студенттер мен креативті индустрия өкілдеріне арналған дәрістер циклінің бір бөлігі болды.