2025 жылғы 19 желтоқсанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Медиациялық қызметтің теориялық негіздері» курсын аяқтаған студенттерге сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.



Курс азаматтық-құқықтық дауларды шешу саласында қосымша кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталды. Студенттер медиациялық рәсімнің кезеңдерін, тиімді коммуникация мен келіссөз жүргізу әдістерін меңгеріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануды үйренді.
Сертификаттарды білікті заңгер, кәсіби медиатор және тәжірибелі тренер Адаев Мұхтар Мұханович табыстады.
.png)






















