2026 жылғы 24 ақпанда «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының студенттері үшін Қазақстандағы ірі сақтандыру компанияларының бірі – «Nomad Insurance» АҚ өкілдерінің қатысуымен қонақ дәрісі өткізілді.

Іс-шараға персоналды басқару жөніндегі директор Абейталипова Айнур Есенгелдиновна және маркетинг департаментінің директоры Иминов Шакир қатысты.
Дәріс барысында персоналды басқару жөніндегі директор компанияның ұйымдастырушылық құрылымын таныстырып, корпоративтік басқару жүйесі, негізгі менеджерлер және кадрлық саясат туралы баяндады. Сонымен қатар Қазақстандағы жас мамандармен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне тоқталды.

Маркетинг департаментінің директоры студенттердің назарын сақтандыру саласындағы маркетингтің ерекшеліктеріне, клиенттердің сенімі мен назарын басқару құралдарына, сондай-ақ тиімді сату стратегияларын қалыптастыру мәселелеріне аударды. Қазақстан нарығында ұсынылатын негізгі сақтандыру өнімдері таныстырылып, олардың сұранысы талданды. Компанияның Қазақстандағы сақтандыру ұйымдары арасындағы позициясы және халықаралық рейтингіне ерекше көңіл бөлінді.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптары үшін компания тарапынан бағалы сыйлықтар алды.
.png)






















