Біз, «7М02211 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары — Баизова Лейла және Сыздықова Айдана, 2025 жылғы 7–16 қараша аралығында Қытай Халық Республикасында өткен тағылымдамаға қатыстық. Тағылымдама Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында (Үрімші қ.) және Сиань қаласында өтті.

Біздің мамандығымыз — шығыстану болғандықтан, бұл тағылымдама кәсіби даярлығымыздың маңызды құрамдас бөлігі әрі оқу барысында алған теориялық біліміміздің тәжірибелік жалғасы болды. Бағдарлама Қытайдың тілдік, мәдени және тарихи ортасына толыққанды енуге мүмкіндік берді.

Тағылымдама барысында біз Қытай өркениеті мен мәдениетінің әртүрлі қырларын зерттедік, өңірлердің тарихи мұрасымен таныстық, Үрімші мен Сиань қалаларындағы маңызды мәдени-тарихи нысандарды араладық, сондай-ақ тіл иелерімен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болдық. Бұл Қытай қоғамының менталитетін, әлеуметтік үдерістерін және күнделікті өмір ерекшеліктерін тереңірек түсінуге ықпал етті.

Алынған тәжірибе біздің академиялық әрі кәсіби дамуымыз үшін зор маңызға ие, ғылыми көкжиегімізді кеңейтіп, шығыстану саласындағы болашақ қызметке қажетті практикалық дағдыларды нығайтты. Тағылымдаманы ұйымдастырып, кәсіби өсуімізге мүмкіндік берген университетімізге алғысымызды білдіреміз.
.png)






















