2026 жылғы 26 наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Шайбакова Дамина Дисенғалиевнаның «Лингвистикалық плюрицентризм және оны зерттеу аспектілері» тақырыбында дәрісі өтті. Дәріске университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты.

Дәріс барысында қазіргі тілдік жағдайды зерттеуде жинақталған ғылыми білімдерді интеграциялаудың қажеттілігі негізделді. Сонымен қатар, ғылымның заманауи жетістіктері зерттеу модельдерін жетілдіруге ықпал етіп, олардың икемділігі мен өзгермелі жағдайларға бейімделу қабілетін қамтамасыз ететіні атап өтілді.
Плюрицентрлік жағдайдағы тіл ашық жүйе ретінде қарастырылуы тиіс екені, оның әртүрлі нұсқалар мен формаларда қызмет ететіні ерекше көрсетілді. Дәстүрлі сызықтық тәсілдерден айырмашылығы, тілдік үдерістерді қазіргі сипаттау көпсызықты даму, вариативтілік және дифференциация қағидаттарына негізделетіні айтылды.

Тілдің қызмет етуі үнемі басқа тілдермен және мәдениеттермен өзара әрекеттесу жағдайында, динамикада жүзеге асатыны, бұл оның күрделі әрі өзгермелі жүйе ретінде дамуын айқындайтыны жөнінде қорытынды жасалды.
Дәріс интерактивті форматта өтті. Тыңдаушылар профессор Шайбаковаға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді түрде талқылады. Біз Шайбакова Дамина Дисенғалиевна сияқты көрнекті ғалымдардың дәрістеріне қатысу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және алғыс білдіреміз.
.png)






















