2026 жылдың 29 сәуірінде Алматы Менеджмент университетінде "Kazakhstan Travel Experience: "Туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін жаңа идеялар" тақырыбында B091 "Туризм" және B093 "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" білім беру бағдарламаларының студенттері арасында "24/7" X- студенттік олимпиадасы өтті.
![]() |
![]() |
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің кәсіби, талдамалық және зерттеу құзыреттерін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның туризм және қонақжайлылық индустриясы саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеуді ынталандыру.
Олимпиадаға "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандығының студенттері, Кадиров Мадияр, Скляр Роман, Әбдісалық Сұлтанмахмұт, ғылыми жетекші қауымдастырылған профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, Заманбекова А. Б. қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша республиканың барлық өңірлерінен қатысушылардың 13 командасы арасында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандығының студенттері 2-ші орынға ие болды, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды, ғылыми жетекші - алғыс хатпен марапатталды.


.png)






















