2026 жылғы 3 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының 3-ші және 4-ші курс студенттеріне арналған «Сенің мансабың — сенің ережелерің: қалай сұранысқа сай маман болуға болады?» тақырыбында шақырылған қонақ арнайы дәріс өтті.

Сабина Таипова, HR саласының сарапшысы, «Spark Programs» жеке қайырымдылық қорының HR бағытының жетекшісі және HR-директоры және осы дәріс аясында арнайы шақырылған спикер.
Кездесу барысында студенттер кәсіби даму, мансапты жоспарлау және еңбек нарығында табысты жұмыс табу бойынша құнды ақпараттар алды. Әсіресе, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа сай дағдылар, кәсіби мақсаттарды айқындау, бәсекеге қабілетті түйіндеме дайындау және сұхбаттан сәтті өту жолдарына ерекше назар аударылды.

Спикер персоналды басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, жұмыс берушілердің заманауи талаптары, жеке брендті қалыптастыру және кәсіби бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша пайдалы кеңестер берді.
Студенттер жеке мансаптық даму жолын қалыптастыру, өзін-өзі таныстыру дағдыларын жетілдіру және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойып, HR сарапшысынан нақты ұсыныстар алды.
Дәрістің басты идеясы — табысты мансап саналы таңдау, жеке жауапкершілік, бастамашылдық және үздіксіз өзін-өзі дамытудан басталады.

Аталған кездесу студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейтіп, теориялық білім мен практикалық тәжірибенің өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік берді.
Осындай тағылымды кездесулер болашақ мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне, кәсіби мақсаттарын айқындауына және табысты мансап жолын қалыптастыруына ықпал етеді.
.png)






















