Кунанбаева Дана Ануварбековна – қауымдастырылған профессор (доцент), экономика ғылымдарының кандидаты, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ стратегиялық даму жөніндегі проректоры.
1975 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласында дүниеге келген.
1996 жылы мамандығы «Қаржы және несие» бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
1996–1998 жылдары «Қазкоммерцбанк» ААҚ банк карталарын дамыту басқармасының клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімінде І санатты маман болып қызмет атқарды.
1999–2002 жылдары «SUN MICROSYSTEMS AB KAZAKHSTAN» өкілдігінде сату жөніндегі ассистент қызметін атқарды.
2003–2007 жылдары Менеджмент және халықаралық қатынастар институтында аға оқытушы жұмысын атқарды.
2007–2021 жылдары «Corporate Business Systems ERP» ЖШС-нің бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ стратегиялық даму жөніндегі проректоры.
.png)






















