"Табиғатта қоқыс жоқ!" акциясы

    Құрметті достар, 8 қазанда Алматыда Ұлттық парктерде Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы аясында жаппай экологиялық сенбілік өтеді.

    Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы қаланың барша жанашыр жандарын осы акцияға атсалысуға шақырады!

    Акция Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарындағы ең танымал туристік орындарды қамтиды:

    1) Бутаковка шатқалы – орманшының үйінен бастап төменгі «Бутаковка» сарқырамасына дейін;

    2) Ақбұлақ – Көкжайлау – «Ақбұлақ» аялдамасынан бастап Көкжайлау шатқалына дейін;

    3) Казачка шатқалы – Казачкадағы жабық бөгеттен басталып, Көкжайлау шатқалына дейін;

    4) Кімасар шатқалы – Кімасар шатқалындағы қараусыз қалған үйден басталып, кемпингке дейін;

    5) Проходное шатқалы – тас аялдамадан «Девичьи слезы» сарқырамасына дейін.

    Барлық қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, ауыз сумен және түскі ас қораптарымен қамтамасыз етіледі, қаладан трансфер ұйымдастырылады.

    Акцияға қатысу үшін сілтемедегі гугл-форманы толтыру арқылы тіркелу қажет:

    https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSedrEn90xvWr_skvgXas0Jo1fGuNvW9b41-qwDYA1nhh3h84Q/viewform 

    Жиналу күні мен уақыты:

    8 қазан, 7:45-8:00

    Ұйымдасып бару үшін жиналатын орындар:

    1. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы

    Visit Almaty
    https://2gis.kz/almaty/geo/70000001034578971 

    2. «Қазақстан» қонақ үйі

    Қазақстан қонақ үйінің тұрағы

    https://2gis.kz/almaty/geo/9430468281762225/76.957053244113922,43.244718178437886 

    3. Тұңғыш Президент саябағы

    Visit Almaty

    https://2gis.kz/almaty/geo/70000001064215126


    Ақпарат алу үшін байланыстар:

    Сәбитқызы Альбина +7 771 518 9083

    Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 6. ТАЗА СУ МЕН САНИТАРИЯ

    Печать E-mail

    универсиада замена