Чехиядағы академиялық ұтқырлық

    Құрметті студенттер,

    Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде Чехияның Крадес Кралов университетінде оқи алатынын хабарлаймыз. Оқуға өтініштер 2022 жылдың тамыздың 5не дейін қабылданады ( 16.00 дейін).

    Қабылдаушы университет: Крадес Кралов университеті, Чехия,  «Халықаралық қатынастар»

    « Аймақтану»

    Бөлінген орын саны: 4 адам.

    Оқу түрі: офлайн

    Семестр: көктем

    Оқыту тілі: ағылшын

    Оқу: ақысыз

    Мамандықтар: «Халықаралық қатынастар» , « Аймақтану»

    Қабылдаушы университетте 1 семестрде оқу ақысыз, қалғандар шығындар әр адамға шамамен:

    • Тұру және тамақтану: айына 500 евро
    • Жеке шығындар: айына 100 евро
    • Көлік шығындары: айына 75 евро
    • Екі жаққа ұшу: 560 евро
    • Визалық төлем: 60 евро

    Ережеге сәйкес шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде келесі шарттаға сәйкес байқауға қатыса алады:

    • 2-3 курс студенттері (бакалавр);
    • ағылшын тілін білу деңгейі B2 кем емес;
    • құжаттарды тапсыру кезінде академиялық және қаржылық қарызы жоқ;
    • барлық оқу кезеңінде GPA 3.0ден кем емес;
    • университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

    Шетелде оқуға жіберу ережесіне сәйкес қажетті құжаттар тізімі, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде:

    Құжаттардың толық пакеті Аударма және филология факультетіне тапсырылуы тиіс

    • Ректордың атына өтініш (қосымшадағы форма)
    • Шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматының өтініші (қосымша)
    • Транскрипт (ҚСО -ке сұраныс) - GPA көрсетілуімен (кемінде 3.0)
    • Шет тілін білетінін растайтын құжаттың біреуі: (бар болса)

    - IELTS сертификаты (5, 0 және одан жоғары);

    - TOEFL сертификаты (35 баллдан жоғары)

    - Факультет ұсынатын тілді білетіндігін растайтын құжат.

    • Республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс -шараға қатысқаныу үшін алынған дипломдардың, сертификаттардың, таңдаған мамандығы бойынша дипломдардың көшірмелері (бар болса)
    • Шетелдік паспорт (көшірмесі)
    • № 072/ж нысанындағы шетелге шығу туралы медициналық анықтама

    (конкурс қорытындысы бойынша тапсырылады)

    Байланыс үшін:

    №1 оқу ғимараты, 112 кеңсе

    Ашимова Айнаш

    Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Тел: 8 (7272) 9203 84 (ішкі 2172)

    Печать E-mail

    универсиада замена