Магистратура - Шет тілі педагогтарын даярлау

    7М01711 – «Шетел тілі педагогтарын даярлау», 7М01712 – «Шетел тілі педагогтарын даярлау»

    Білім беру бағдарламасының бірегейлігі

    7M01711 – «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы білім беру парадигмасының мәдениетаралық-коммуникативтік шетел тілі білім беру жүйесі ретіндегі құзыреттілікке негізделген және әдіснамалық интеграциясының мәнін меңгерген магистранттарды, шетел тілдері мамандарын даярлау.

    7M01712 – «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» мамандандырылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — практикалық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға бағытталған білім беру траекториясын іске асыру болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру үшін инновациялық білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу және бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дамыту арқылы жүзеге асырылады.

    7M01711 – «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының бірегейлігі оның бай тарихымен және шетел тілдері бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауға маманданған университеттің академиялық беделімен анықталады. Бағдарлама инновациялық педагогикалық технологияларды, түпнұсқа оқу бағдарламаларын және заманауи білім беру ортасының талаптарына бейімделген заманауи оқыту әдістерін қолдануымен ерекшеленеді. Болашақ мұғалімдердің кәсіби және коммуникативтік құзыреттіліктерін, олардың мәдени санасын және мәдениетаралық диалогты сәтті жүзеге асыру қабілетін дамытуға ерекше назар аударылады. Осылайша, бағдарлама жаһандану жағдайында шетел тілдері мен мәдениетаралық коммуникацияны дамытуды тиімді түрде ілгерілетуге қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды.

    Қосымша артықшылықтардың бірі – магистранттардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында серіктес жоғары оқу орындарында білім алуы болып табылады.

    ‒ Ұлыбритания: Орталық Ланкашир университеті

    ‒ Испания: Аликанте университеті

    ‒ Малайзия: Малайзияның Ұлттық университеті

    ‒ Словакия: Константин Философ атындағы университет, Коменский университеті

    ‒ Корея: Ханкук шетел тілдері университеті

    ‒ Түркия: Анкара университеті, Хаджи Байрам Вели

    Оқу түрі мен шарттары

    Оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен (білім беру гранты негізінде), сондай-ақ жеке қаражат (немесе өзге де қаражат түрлері) есебінен жүзеге асырылады.

    Оқыту формасы: күндізгі.

    Мансаптық перспективалар: Оқыту — жалпы білім беру мекемелерінде, колледждерде және университеттерде жұмыс істеу, шетел тілдерін заманауи әдістер мен технологияларды пайдалана отырып оқыту. Түлектер мұғалім, әдіскер, тілдік әдістемелік бірлестіктерінің жетекшісі лауазымдарын атқара алады.

    Ғылыми-зерттеу — оқыту әдістері, мәдениетаралық коммуникация және лингвистика саласындағы ғылыми жобалар мен зерттеулерге қатыса алады. Сонымен қатар, докторантурада ғылыми мансабын жалғастырып, ғылыми дәрежеге ие болу мүмкіндігі бар.

    Білім беру бағдарламасын әзірлеу — тілді оқыту сапасын арттыру мақсатында жаңа оқу бағдарламаларын, оқу материалдарын және электронды ресурстарды әзірлеп, енгізеді.

    Бейіндік пәндер:

    ‒ Жоғары білім берудегі шетел тілін оқытудың заманауи әдіснамасы

    ‒ Лингводидактикалық теориялар мен зерттеу әдістері

    ‒ Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру

    ‒ Шетел тілін оқытудағы соңғы технологиялар

    ‒ Шетел тілін оқытудағы менеджмент

    Біздің серіктестер:

    ‒ Ұлыбритания: Орталық Ланкашир университеті

    ‒ Испания: Аликанте университеті

    ‒ Малайзия: Малайзияның Ұлттық университеті

    ‒ Словакия: Константин Философ атындағы университет, Коменский университеті

    ‒ Корея: Ханкук шетел тілдері университеті

    ‒ Түркия: Анкара университеті, Хаджи Байрам Вели

    Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін 7M01711- «Шетел тілдері педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.

    7M01711 – «Шетел тілі педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасына қош келдіңіз!

    Печать E-mail

    универсиада замена