|
Жобаның атауы |
Қонақжайлылық индустриясының инновациялық менеджерінің моделін құру |
|
Жоба түрі |
Бастамашыл жоба |
|
Мемлекеттік тіркеу нөмірі |
0124РКИ0470 |
|
Іске асырудың басталу күні |
2024 |
|
Іске асырудың аяқталу күні |
2027 |
|
Тапсырыс беруші |
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ |
|
Жоба жетекшісі |
Ракымжанова Салтанат Сержановна |
Орындалған жұмыстың сипаттамасы
|
Өзектілігі |
Жүргізіліп жатқан зерттеулердің өзектілігі сервис көрсетуді жекелендіруге қойылатын талаптардың артуымен, цифрлық платформалардың дамуымен, экологиялық бағдарланған тәсілдің күшеюімен және пандемиялық және экономикалық дағдарыстарды қоса алғанда, жаһандық сын-қатерлерге бейімделу қажеттілігімен негізделеді. Осы зерттеуде мейрамхана және қонақүй бизнесіндегі инновациялардың негізгі бағыттары, олардың кәсіпорындардың қызмет тиімділігіне және клиенттердің қанағаттануына әсері қарастырылады. |
|
Зерттеу мақсаты |
Мейрамхана- мейманхана қызметтерін қалыптастырудағы инновациялық трендтердің модельдерін зерттеу, қонақжайлылық кәсіпорындарының экономикалық өсуін айқындау және жаңа форматтағы инновациялық менеджердің құзыреттерін жетілдіру |
|
Зерттеу нысандары |
Қонақжайлылық индустриясы саласы, оның қазіргі қалыптасуы және ішкі және халықаралық мейрамхана-қонақүй қызметтері нарығында жаңа буын инновациялық менеджерінің құзыреттілік моделін қалыптастыру. |
|
Қолдану салалары: |
Зерттеу нәтижелері пәнаралық қолданбалы әлеуетке ие және қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының практикалық қызметінде инновациялық басқарудың тиімділігін арттыруға, жоғары білім беру жүйесінде заманауи білім беру бағдарламалары мен жаңа буын мамандарын даярлаудың құзыреттілік модельдерін қалыптастыруға пайдаланылуы мүмкін |
|
Күтілетін нәтижелер |
Қорытынды нәтиже: - 2024 жылға: - зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер мен электрондық ақпарат көздерін зерделеу, «инновация» ұғымын анықтауға қатысты тәсілдерді жүйелеу, жаңалық, жаңашылдық және инновация ұғымдарының айырмашылықтарын айқындау; - ғылыми зерттеу нәтижелерін шетелдік журналдарда және халықаралық конференцияларда жариялау. - 2025 жылға: - теориялық-әдіснамалық талдау жүргізу, инновациялық менеджер моделін анықтаудың негізгі тәсілдерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен шектеулерін айқындау; инновациялық менеджердің рөлін инновациялық процестердің үйлестірушісі, әзірлеу мен коммерцияландыру арасындағы байланыстырушы буын, инновациялық жобалардың көшбасшысы ретінде анықтау; әдіснамалық тәсілдерге салыстырмалы талдау жүргізу, инновациялық менеджердің интеграцияланған моделін қазіргі жағдайда инновацияларды кешенді басқаруды қамтамасыз ететін ең тиімді модель ретінде негіздеу; - ғылыми зерттеу нәтижелерін шетелдік журналдарда және халықаралық конференцияларда жариялау. - 2026 жылға: - қонақжайлылық индустриясы нарығындағы ағымдағы жағдайды талдау; - кабинетік және далалық зерттеулер жүргізу, инновацияларды енгізуге қызығушылықты арттыру мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу; - тұтынушылар мінез-құлқына әсер ететін факторларды анықтау; - «Жаңа мамандықтар атласына» сәйкес «Қонақүй бизнесіндегі инновациялық менеджер» маманының құзыреттілік моделін әзірлеу. - 2027 жылға: - «МІМБ-деғы инновациялық менеджмент» атты оқу құралын қазақ және орыс тілдерінде әзірлеу және басып шығару; |
|
Зерттеу нәтижелері |
2024 жыл бойынша: 1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдеби және электрондық дереккөздер жинақталды. 2. Ғылыми аппаратқа жүйелік талдау жүргізілді: - отандық авторлардың ғылыми еңбектеріне талдау жасалды; - шетелдік авторлардың ғылыми еңбектеріне талдау жасалды; 3. Жоба тобы мүшелерінің жетекшілігімен 1 мақала халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда және 11 мақала халықаралық студенттік конференцияда жарияланды. 2025 жыл бойынша: 1. Шетел мемлекеттеріндегі технологиялардың озық тәжірибесі зерттелді; 2. Зерттеудің әдіснамалық базасы классикалық тәсілдерді антропологиялық және мәдениеттанулық аспектілермен толықтыру, сондай-ақ инновациялық қызметке ішкі және сыртқы ортаның әсерін ескеру арқылы кеңейтілді; 3. «Қонақүй бизнесіндегі инновациялық менеджер» маманының құзыреттілік профилі кеңейтілді; 4. Цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлі негізделді; 5. Жүйелік-ситуациялық модель тұжырымдамасы әзірленді; 6. Жоба тобы мүшелерінің жетекшілігімен 1 мақала шетелдік журналда және 10 мақала халықаралық студенттік конференцияда жарияланды.
|
Зерттеу тобы және жобаны басқару
|
№ р/н |
Аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), білімі, дәрежесі, ғылыми атағы |
Негізгі жұмыс орны, лауазымы |
Хирш индексі, ResearcherID, ORCID, Scopus авторының идентификаторы (бар болса) |
Жобадағы немесе бағдарламадағы рөлі және орындалатын жұмыстың сипаты |
Қатысудың қысқаша негіздемесі |
|
1 |
Ракымжанова Салтанат Сержанована |
Қонақжайлылық менеджменті кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы |
Индекс Хирша -1 https://orcid.org/0000-0002-6565-879X Scopus Author ID 57203282947 |
Жоба жетекшісі |
Халықаралық және отандық жобаларға қатысу тәжірибесі бар, ұсынылып отырған жоба саласы бойынша ғылыми еңбектері бар. |
|
2 |
Бекбенбетова Базаркуль |
Э.ғ.к., профессор |
https://orcid.org/0000-0002-0829-378X Scopus Author ID 56532029600 |
Жауапты орындаушы |
Экономикалық зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар, ұсынылған жоба аясында зерттеулер жүргізген, туризм саласында ғылыми еңбектері мен мақалалары бар. |
|
3 |
Заманбекова Алтыншаш Булатовна |
Э.ғ.к., асс.профессор |
https://orcid.org/0000-0003-3413-6515 Scopus Author ID 57214542998 |
Жауапты орындаушы |
Маркетингтік зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар, ұсынылған жоба аясында маркетингтік зерттеулер жүргізген, туризм саласында ғылыми еңбектері мен мақалалары бар. |
|
4 |
Кәрімов Дәурен Жалғасұлы |
Қызмет көрсету саласы бойынша магистр, докторант |
https://orcid.org/0009-0006-1902-0433 |
орындаушы |
Қонақжайлылық индустриясында зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар, мейрамхана және қонақүй бизнесі саласында ғылыми еңбектері мен мақалалары бар. |
|
5 |
Жүнісбек Арман Әлімханқызы |
Ф.ғ.к., аға оқытушы |
|
орындаушы |
Халықаралық және отандық жобаларға қатысу тәжірибесі бар, ұсынылып отырған жоба саласы бойынша ғылыми еңбектері бар. |
|
6 |
Турдибакиева Рушангуль Абдисаламовна |
Туризм магистрі, аға оқытушы |
|
орындаушы |
Халықаралық және отандық жобаларға қатысу тәжірибесі бар, ұсынылып отырған жоба саласы бойынша ғылыми еңбектері бар. |
|
7 |
Бейсенова Гаухар Куанышевна |
Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, магистрант |
|
орындаушы |
Ұсынылып отырған жоба саласы бойынша магистрлік диссертацияны қорғауға дайындық жүргізуде. |
.png)






















